№28«Жұлдыз» санаториялық балабақшасы КММ 22.04.2022 жылы
«Мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологияларын
іс-тәжірибеде қолдану» тақырыбындағы қалалық семинар-практикум
өткізді. Семинар барысында балабақша педагогтері өз
тәжірибелерімен бөлісті. Осы семинарда жас маман Сатенова Анара
Ерсінқызы ұйымдастырылған оқу қызметінде денсаулық сақтау
технологиясын қолданып іс-тәжірибеде көрсетті. Дене шынықтыру
нұсқаушысы Адекенов Асқар Тұрсынғазыұлы оқу қызметінде «Хатка
Йога» элементтерін қолданды. Өзінің 30 жылдық іс-тәжірибесімен
бөліскен музыка жетекшісі Шаргүл Мырзахметқызы Ержанова бүгінгі
семинарда өз біліктілігін тағы бір дәлелдеді. Бүгінгі семинарға
№8«Думан», №16«Шағала», №26«Үміт», №46«Самал», №80«Ботақан»,
№94«Сұнқар» балабақшаларының меңгерушілері және №87 А.Құнанбаев
атындағы мектеп гимназиясының педагогтері келіп олар өздерінің
шын ықыластарымен, бүгінгі семинардың жоғары дәрежеде өткендігін
өз пікірлерінде айтып жеткізді. Бүгінгі қалалық семинар жоғары
деңгейде өткізілді.
№28«Жұлдыз» санаториялық балабақша ұжымының педагогтеріне
шығармашылық табыстар тілейміз.